Астана бүгін
3 мен 5 шілде аралығында Орталық аудандық кітапханада оқырмандар мен ауыл тұрғындарының қатысуымен «Астана бүгін» бейнеақпараты өткізілді. Кітапханашылар астанамыздың өткені мен бүгінгісі жайында, оның құрылуындағы Елбасымыздың рөлі туралы, еліміздің бас қаласының Тәуелсіздік символы ретіндегі беделі туралы айтып өтті. Әлемнің үздік сәулетшілерімен жасалған заманауи қала көркіне баса назар аударылды.
Іс-шара қатысушыларының назарына қызықты бейнесаяхат ұсынылды, «Астана», «Астана- болашақтың қаласы», «Астана. Қазақстан», «ЕХРО-2017», «Астана ЕХРО-2017 қалашығы» бейнероликтер топтамасы, «Арман қала - Астана» әдебиеттер көрсетілімі қаралды.
Астана сегодня
С 3 по 5 июля в Центральной районной библиотеке проводилась видеоинформация «Астана сегодня», участниками которого стали читатели, жители села. Библиотекари рассказали о настоящем и прошлом нашей столицы, о роли президента страны в ее становлении, о статусе главного города страны как символа Независимости. Большое внимание уделили современному облику, созданному лучшими архитекторами мира.
Вниманию участников мероприятия было представлено увлекательное видеопутешествие, просмотрен цикл видео «Астана», «Астана- город будущего», «Астана. Казахстан», «ЕХРО-2017», «Астана город ЕХРО-2017», просмотр литературы «Город мечты Астана».
|