Вторник, 19.03.2024, 05:30
ГУ "ЦИБС ФЕДОРОВСКОГО РАЙОНА"
Главная | Регистрация | Вход Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 23
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әрбір тарихтың өз бастауы бар. Федоров селосында балаларға  кітапханалық қызмет көрсету 1953 жылға қарай басталады, осы жылы аудандық кітапханадан балалар әдебиетінің кітап қоры бөлінген болатын. Осындай жолмен, өз жайымен және қорымен өз бетімен кітапхана құрылды. Кітапхана Красноармейская көшесінде болды.

Балалар кітапханасының алғашқы меңгерушісі кім болғаның анықталмады. Сол уақыттағы жергілікті газеттен: «Кітапхана жайы өте кішкентай болды, барлық келушілерді өзіне сыйғыза алмады.  Көптеген балаларға абонементте және оқу залында  орын босағанша  дәлізде күту қажет болды. Сол уақытта балалар кітапханасы балаларды тәрбиелеуде мектептерге ең алғашқы  белсенді көмекші  болды».

1958 жылы балалар кітапхананың меңгерушісі Семен Васильевич Матюхов және Надежда Федоровна Митченко кітапханашы болып жұмыс істеді. Олардың  мүделерін және талаптарын ескере отырып, олар өз оқырмандарын жақсы білді. 792 жас оқырман кітапхананың тұрақты келушілері болып табылды. Осы жылы 10 жылжыма ұйымдастырылды, онда 500-ден  аса оқушы журнал мен кітап оқыды. Сол жылдың 1 қаңтарына кітапхана қоры 12720 дана құрады. Сол жылдың бірінші тоқсанына кітап саны 1050 данаға ұзартылды. Кітап беру 36223 кітапты құрады.

1959-дан 1986 жылға дейін 27 жыл бойына кітапханамен Г.Т.Дерий басқарды. Ол  жұмыс істеген уақыттары кітапхана жалаушалармен марапатталды: «Библиотека отличной работы», «Ударник коммунистического труда», «За высокие показатели в социалистическом соревновании». Сонымен  бірге сол кездері- Р.Т.Усатенко, В.Ф.Мельник, Т.А.Кузнецова, К.М.Кұлмағамбетова, Н.А.Қозыбаева және тағы басқалары жұмыс істеді.

1965 жылы кітапхана Ш.Уәлиханов көшесіне көшеді, ол бұрынғы К.Маркс көшесі болатын. Ол бейімделген үй болды, онда ертеде бір ауқатты көпес тұрған. Ол ғимаратта кітапхананың  үлкен кең оқу залы, абонементі, екі кітап сақтау залы болды. Кітапхана кезінде оқырмандар санынан актив болды.

Уақыт келе кітап қоры толықты және 1967 –ден 1979 жылға дейін кітапхана қызметкерлер саны 5 адамға ұлғайды. 70 жылдарғы жариялымды қарай отыра стационардағы  жұмыстан тыс, кітапхана екі пионерлер лагеріне, мектеп жанындағы балалар алаңына қызмет көрсетті. Кітапхана жанында «Кітаптың достары» үйірмесі жұмыс істеді.

Маңызды оқиғаның бірі 1979 жылы қаңтарда аудан кітапханасы орталыққа ауысуы болды. Балалар кітапханасы Федоров ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесінде балаларға қызмет көрсету жөнінде әдістемелік орталық болып қалды.

70-шы 80-ші жылдардың аяғында кітапхана үшін кадралар мәселесі қиынға түсті: қызметкерелер жие ауыса бастады. Айлық жалақысы тапшы болды. Оқырмандармен үйренген және сүйіп қалған қызметкерлер жұмыстан кете бастады. Жаңа қызметкерелер келіп жаңа идеялар алып келіп жатты, ол да жаман болмады. Кітапханада өзгеріссіз балаларды адамгершілікке және отаншылдыққа тәрбиелеу, және  мектеп бағдарламасына көмектесу  ретінде жұмыс болды. Сол жылдары кітапхана жұмысының белгілі түрі «Ерлік дауысы» дәрісі оқылып, «Унас в гостях сказка», «Юные корчагинцы» атты шығармалар «Авангард» кинотеатрында  кино дәрістерінде  оқылды. Сол жылдары кітапхана жұмысы бірнеше рет диплом қағаздарымен марапатталды.

1985 жылы кітапхана үшін ерекше айтулы күн болды. Балалар кітапханасы жаңа ғимаратқа көшті. Ауылдың балалары бұл оқиғаны көптен бері күтті. Біздің ауылдың жас тұрғындары үшін үлкен сыйлық болды.

Әрқашан аспан бұлтсыз болмайды , бұлт балалар кітапханасынада түнді. 90 жылдың соңымен 2000 жылдың басында барлық кітапханалар үшін тұрақсыз қиын жылдар болды.  Еліміздегі экономикалық тұрақсыздығымен байланысты, қызметкерелерді  біртіндеп қысқартылуы  басталды. Кітаптың түсімдік саны азайып, мерзімдік басылымға жазылу қысқартылды.

1997 жылы кітапхана Кравцова көшесі бойындағы кішкентай, дымқылдау, қараңғы бөлмеге көшеді.  1998 жылы кітапханада  бір кітапхана қызметкері –С.А.Лукаш жұмыс істейді. 1999 жылы кітапхана тағыда Ленина көшесіндегі бұрынғы балабақша ғимаратына көшеді. Барлық осы көшулер және қорды орнан басқа орынға көшіру кітапхана қызметіне әсерін тигізбей қоймады, бәрінде қайтадан бастау керек болды: кітаптарды орналастыру, анықтама аппаратын тәртіпке келтіру, жаңа мекен-жайға оқырмандарды үйрету, және осы барлық қиындықтар артта қалған болатын.

2002 жылы кітапхана штатына кітапханашы Т.В.Харченко  қабылданды.  Әрбір оқырманның өз сұранысы және әуестігі болады, кітапханашылар соған жақсы кеңес беруге, қажетті баспаны табуға барынша көмектесуге тырысады.

2003 жылы кітапхана өзінің 50-жылдығына атап өтті. Барлық кітапхана жұмысы «Частица сердца читателю, библиотеке - семейный уют» -осындай атты  ұранмен өтеді.

Балалар кітабы- бұл ерекше әлем, оны бала ақылмен де, жүрекпен де қабылдайды.  Кітапханада «Кітаптар театры» атты үйірмесі жұмысын жалғастыруда.  Осы  үйірменің балалары іс-шара өткізуде белсенді қатысады.   

2005 жылдан «Жаз, кітап, мен-достарым» атты балалардың бос уақыты және жазғы оқу бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асуда. Онда кітапхана оқырмандары үшін шығармашылық тапсырмалар және балаларға арналған бұқаралық іс-шаралар бірігіп өткізіледі.

2006 жылы кітапхана Ленина көшесі, 14 үй «Алғабас» ғимаратының бір бөлмесіне көшеді. Барлық жылдар бойына кітапханалық оқуға балаларды тартуға арналған барлық бұқаралық және жеке  түрлерін кітапхана барынша қолданды.

2008 жылы алғашқы компьютер алынды. Кітапханалық үдерісті компьютеризациялаумен оқырмандардың сұранысын сапалы және толық орындау үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Оқырмандарда СD-дискларды, электрондық энциклопедияны және дәстүрлі баспа басылымдар сияқты қолдануға мүмкіндіктер пайда болды.  Қосымша қызметтер пайда болды: ксерокөшірме, мәтінді басып шығару, сканерден өткізу және т.б.  Кітапхана қорында алғашқы электрондық кітап пайда болды. 

 Кітапхана оқырмандар үшін компьютерлік технологияны игеруде жаңа қадамға басты. 2009 жылдан оқырмандардың ерікті қол жетімділігінде тек кітаптың электрондық каталогы және деректер базасы ғана емес, сол сияқты оқырмандарға арналған компьютерде бар. Компьютерден оқушылар баяндамаларды теруді орындау мүмкіндігі ұсынылған. Қолданушыларды  әлемдік ақпаратпен танысуға мүмкіндік беретін жоғарғы жылдамдықты Интернет Мегалайн қосылған. Соның арқасында кітапханаға қолданушылар үшін жаңа қызметтер енгізілген: Интернетті қолданумен библиографиялық анықтаманы орындау, электрондық құжаттарды сканерден өткізу және оны көшіру.

Кітапхана штатына компьютерлік технология білімімен Е.Ж.Кутваров кітапханашы ретінде жұмысқа қабылданды. Оның келуімен кітапханада жұмыстың жаңа түрлері көбірек ашыла бастады: компьютерлік тұсаукесерлер, кітаптың электрондық шолулары, электрондық викториналар.

2009 жылдан «Шабыт» әдеб-поэтикалық клубы жұмыс істейді, онда қазіргі әдебиеттің саласында білімдерін тереңдетуге ұмтылғандар, өздерінің парасатты және мәдениетті деңгейін жоғарлатуда құштарлылар,  шығармашылық ізденіске қабілетті, үлкен және орта  жастағы оқырмандарды біріктіреді.

Осы жылдың айрықшылығы, біз өзіміздің «Библиомания» атты газетін, тоқсанда 1 рет мерзімділігімен басып шығаратын болдық. Онда жас дарындардың өлеңдер, ұсақ-түйіктер саласындағы шығармашылығы, біздің кітапханада өткізілген қызықты  шаралар туралы айтылған.

2011 жыл-ҚР Тәуелсіздігің 20-жылдығын атап өту жылы. Кітапханамен өткізілетін іс-шаралар ҚР 20 жыл ішіндегі жетістіктері аясында өтті.

Қостанай облысының 75- жылдығына орайластырып ең үздік электрондық кітапхана көрмеге кітапханалық қызметкерлердің аудандық конкурсы өтті, онда бірінші орынды Е.Ж.Кутварова жеңіп алды.  

Алғашқы рет «Үздік жыл оқырманы» аттыаудандық конкурс өтті.  Конкурс барлық ауданның 5-9 сынып оқушылары арасында өткізілді.  Алғашқы кезеңде конкурстың он сегіз қатысушысы (№ 1,3,4, қазақ ОМ-нің қатысушылары және 10 селолық кітапхана) 4 номенацияның  біреуінен шығармашылық жұмысын қорғап, өз оқырман формулярын және өздерін ұсынды. Қостанай қаласында өтетін, конкурстың екінші кезеңіне дауыс беру нәтижесінде Пешков селолық кітапхананың оқырманы конкурсқа қатысушы Көбекова Әйгерім  өтті. Ол төреші мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, өз оқырман формулярын және «Аспан астындағы кеңдігі» атты номинацияда жұмысын қорғады.  Қортынды бойынша біздің жас оқырман өз номинациясында 3 орынға ие болды. Оған диплом және қбағалы сыйлық-КІТАПТАР сыйға тартылды.

Өз жұмысында ұжым ылғида жұмыстың инновациялық түрлерін қолданады: «Қолы шебердің, өзі шебер» атты шебер-класы, «Қуыршақтар ғасырлар арқылы» атты қойылым-көрмесі, «Өзін оқып шықта және басқаға сыйла» атты әртүрлі  акциялар өтті.

«Пеппи длинный чулок» атты А.Линдгреннің кітабы бойынша оқуды қолдау және оқырмандарды тарту үшін біз «Мен- сүйікті кітабымның кейіпкерімін» атты бейне-ролик шықты. Кітапхана уақыт бірге аяқ алып жүреді, бұрынғыдай ауыл тұрғындарымен сұраныста. Біздің оқырмандардың сұранысына кітаптың 14 мың данасынан артық ұсынылған. Жыл сайын баспаның 42 мың данасы беріледі. Кітапхана газет және журналдың 50 атауын жаздырып алады.

Біздің балалар кітапханасы балаларға арналған әдебиет пен балалар оқу орталығы болуға ұмтылуда. Жұмыста негізгі бағыттар: өз бетімен білімді меңгеру  дағдысын алуға көмек көрсету, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу  шарасына және бос уақытты өткізу түріне, негізгі танымдылық қызметінің түрі сияқты оқуға балаларды қатыстыру.Балалық және отбасылық оқу мәселесі жөнінде балалар мекемесінің басшыларына, ата-аналарға, ұстаздарға ақпараттық қызмет көрсетеміз.

 

Вход на сайт
Внимание!!!
Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Поиск
ГУ "ЦИБС Федоровского района" 2024г
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz