Вторник, 19.03.2024, 10:30
ГУ "ЦИБС ФЕДОРОВСКОГО РАЙОНА"
Главная | Регистрация | Вход Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 23
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Кітапхананың басты тапсырмасы мынада,

оқырмандар саның барынша тарту үшін

үлкен кітаптың байлығын аса көбірек қолдану.

Н.К. Дәулетова                            

 

 

1917 жылы Федоровка арқылы шағын әскери бөлім өтті. Солдаттар  түнде аулыда қонып шығуға тоқтап, ал келесі күні таңертен арттық жүктен арылу үшін бе, әлде қонағасына ма, тұрғындарға шағын кітапхананы тастап кетеді.  Оның ішінде бірнеше кітап болады. Алғашқыда ол кітаптар бір ауқатты кісінің үйінде сақталып, кейінен кітапхананы Халық үйіне көшіреді.

Үкіметтер қанша ауысада, кітапхана жақсы күйінде сақталып қала берді. Азамат соғысынан кейін кітапханаға арнап сыра заводының қорасын бейімдеп алды. Осылай Федоров аудандық кітапханасының тарихы басталды. Ауданда кітапхана ісін кімдер қолға алғандарының есімдерін білмесекте, олардың кітап белсенді насихаттаушы екеніне біз сенімдіміз, олар еліміздің тұрғындарын, азаматтарын білімге, сөзге аралысуға, ұйымдасуға көмек берді. Жылдар бойы біреулер кеттіп, орнына өзгеріссіз дәстүрді сақтаушы және жалғастырушы, өз кәсібіне берілген адамадар келді.  

1936-1937 жылдары кітапхананы Тыщенко Владимир басқарады. 1937 жылдан 1940 жылға дейін кітапханада Подлиян Вера Павловна жұмыс істейді. Ауыр соғыстың және соғыстан кейінгі уақыттары кітапхананы А.В.Слепых басқарады. 1950 жылы аудандық кітапханада екі адам жұмыс істейді: Бекмұхамбетова Марьям жәнеМитченко Надежда Федоровна. Юнацки атындағы көше бойында орналасқан кітапхананың шағын бөлмесіне балалар мен ересектер толтырады.

1953 жылы аудандық кітапхананың құрамынан аудандық балалар кітапханасын бөлек бөлу қажеттілігі туды. Аудандық кітапхана барлық мәдени-ағартушылық жұмыстың әдістемелік орталығы болып орнайды.

1960 жылдың соңында аудандық кітапхананың қызметтерімен және он бір жылжымамен  2800  аса адам қолданды. 1961 жылдың қаңтардың екінші жартысында кітапхана ыңғайлы және кең жаңа жайға ауысады. 1970 жылдың басында кітапхана штаты алты адамға дейін көбейтілді.

1978 жылы Федоров ауданының кітапханалық жүйесін орталықтандыруға әзірлік басталып кетеді.   Аудандық кітапхананың штаты өсе бастады, жаңа бөлімдер, секторлар: әдістемелік, библиографиялық, ОКЖ біртұтас кітап қоры, кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімі, ноталық-музыкалық секторы, ауылшаруашылық әдеби секторы, қызмет көрсету бөлімі пайда болды.

1979- Федоров орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің құрылған жылы.

1991 жылы кітапхана Легкодухова көшесінен  Кравцова көшесіндегі екі қабатты бейімделген ғимаратқа көшті. Оңтайландыру жылдары аудандық кітапхананың штаты төрт адамға дейін қысқарады. Сол жылдары оқырмандар ортады кітапхана сұранысын сақтап қалу мүмкіндігі туды: оқырмандардың бастамасы бойынша кітап қорын толтырып, ауылда кітапхананың болашағын дәлелдей отыра белсенді ұстанымды жүргізді.

2002 жылы «Аудандық мәдениет бөлімінің Федоров аудандық орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» мемлекеттік мекемесі құрылды.

Сол уақытта аудандық кітапханада: Трубай Любовь Григорьевна, Ланец Вера Васильевна, Павлова Людмила Владимировна, Шрайнер Наталья Сергеевна  жұмыс істейді.

Аудандық кітапхананың жұмысына өз үлестерін аталған қызметкерлерден басқа: Пастухова Раиса Лукъяновна, Ломакина Любовь Васильевна, Чехлатая Валентина Болеславовна, Шаймарданова (Пеель) Ирина Эдуардовна, Иванова Вера Григорьевна, Тюпкина Вера Борисовна, Ивачёва (Лыткина) Алёна Анатольевна және тағы басқалар қосты.

2003 – айтулы жыл. Кітапханада зияткерлік ойындары, конкурстар, әртүрлі іс-шаралар өткізіледі. Кітапхана қызметкерлерінің арманы- жұмыс орындарын компьютермен жабдықтау болды. 2004 жылы желтоқсанда алғашқы компьютер пайда болды.   

         2005 жылы. Уақыт өзінікін алға тартады. Кітапханалық іс-шаралар «Асыл мұра» аудандық бағдарламасы негізінде Федоров ауданында құқық бұзуды алдын алу  бағдарламалары, ЖҚТБ дертін таратуға қарсылық көрсету жөнінде аймақтық бағдарламалары өтеді.  Ауданда сәтті жұмыс істеу үшін жақсы жағдайлар жасалған: өзін-өзі басқару және жергілікті органдармен кітапхананы қолдау тұрақты  дәстүрге айналған, штатта шығармашылық қызметкерлер жеткілікті.

2009 жылдан кітапханада жоғарғы жылдамдықты Мегалайн желі арқылы Интернетке шығуы бар. РАБИС бағдарламасы электрондық базаны және мақаланы құруға мүмкіндік береді.

2010 жылдан «Төрт маусым» атты клуб ынталары бойынша жұмыс істейді. «Біздің жұмыс» атты тұсаукесері жие  жаңарып тұрады. Кітапханалық пункті ұйымдастыруға  «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған Қостанай облыстық арнайы кітапханасы» ММ кітапхана шарт жасасты.      

2011 жыл. Кітапхананың барлық жұмысын анықтаған жылдың маңызды оқиғаның бірі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту және  оның «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» атты  20 жұлдызды күні аясында өткізу болды.  Жұмыста қызыл жолмен жазылған Қостанай облысының 75- жылдығына орай  іс-шаралар әзірлеу және өткізу болып табылады. Кітапханада журнал мен газеттерді тіркеудің электрондық картотекасы жүргізілуде.

1991-2011 жылдары кітапхана төрт рет көшті (1991,1997,2006,2011).

 

 

Вход на сайт
Внимание!!!
Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Поиск
ГУ "ЦИБС Федоровского района" 2024г
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz