Жүрек жұтқан
Адырбекұлы, К. Жүрек жұтқан [Мәтін] : деректі повесть / Көлбай Адырбекұлы – Алматы. - 2016. – 288 б.
Кеңестер Одағының Батыры, Бас командованиенің резервіндегі алысқа ұшатын 47-ші гвардиялық әуе барлаушы полкінің ұшқыш-барлаушысы. Плис Нұрпейісовтің Екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлік істері бүгінгі жастарға үлгі-өнеге, болып, патриоттық сезімдерін оятары сөзсіз.
Ал соғыс ардагері Зейнел-Ғабидин Темірғалиевтің бастан кешкен қилы-қилы тағдыры оқырмандарды бей-жай қалдырмасы анық. Оның фашистерге еріксіз тұтқынға түсіп, Бухенвальд концлагерінде, содан соң «Отанын сатқан» деген айыппен жиырма бес жылға сотталып, Колымада ақталғанша он жыл жан түршігерлік азапты басынан кеше жүріп, досқа адалдығы, әділдік пен шындық үшін күресі тартымды баяндалады. Ұрпақты өмірдің ауыртпалығын мойымай көтеруге, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелейді.
Бұл екі деректі повесть және әңгімелер жалпы оқырманға арналған.