Шокан Оналбай
Оңалбай, Ш. Құт мекен [Мәтін]: өлендер жинағы / Ш. Оңалбай – Алматы: Атажұрт, 2017. – 248 б.
Қытай елінде аз ұлттар мәдениетіне жасалынып отырған қамқорлық нәтижесінде айтулы шығармашылық биіктерге қол жеткізген қазақ ақын-жазушыларының қатары қалың. Шәкен Оңалбай өз өлендері арқылы бүкіл Шыңжаң өңірінде үлкен танымалдыққа ие болған қазіргі қазақ ақындарының аға буын өкілі саналады. Ақынның осынау жыр жинағы жұмбағы мол өмірдің сырын жан-жақты ашуға деген ұмтылыс көрінісі деуге болады, кейінгілерге айтар өсиет-өнеге ретінде де құнды дүниелер қатарына жатады.