Бибіжан Бегманова
Бегманова, Б. Мұқағали Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық [Мәтім] : эдеби зерттеу / Б. Бегманова – Алматы, 2015. – 232 б.
Әдеби зерттеуде М. Мақатаев поэзиясы тәуелсіздік талаптары туғызып отырған жаңаша көзқарас тұрғысынан сараланады. Ақын лирикасының поэтикалық қуаты, көркемдік тұтастығы, поэзиядағы тақырып пен идея бірлігі зерттеу нысанына алынады.
М. Мақатаев поэзиясының ұлттық-идеялық сипаты өзі тұстас ақындармен салыстырыла қарастырылып, жырларындағы ортақ сарындар мен арналар зерделенеді.
Сонымен қатар қазіргі қазақ лирикасы дәстүр мен жаңашылдық тұрғысынан сарапталады.
Зерттеу еңбек жоғары және арнаулы оқу орындарының филология факультеті студенттеріне, ізденушілерге, зерттеуші маиандарға және әдебиет сүйер қауымға арналады.