Сәуле Ержанова
Ержанова, С. Сөз мәдениеті және көркем мәтін: оқу құралы [Мәтім] / С. Ержанова – Алматы, 2015. – 232 б.
«Сөз мәдениеті және көркем мәтін» деп аталатын оқу құралы қазақ шешендік өнерінің сан ғасырлық тарихы болғандығын, ежелден бұл өнер ұлт тағдырын, ел, жер мүддесі үшін қоғамдық қызмет атқарғындығын, бұл мақсатты жүзеге асыруға көмектескен парасатты да пәрменді тіл болғандығын зерделеуге мән береді. Шешендік сөздің қуатын арттыратын көркем мәтін, тілдік құралдар, дидактикалық сипаттағы ақыл, нақыл сөздер таным процесі мен терең ойлаудың айқып жемісі екендігін көрсетеді. Шешендердің сөйлеу мәнерін, сөйлеу түрлерін, шешен бейнесін талдаудан туындаған шешендік сөз тағылымы кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде өзекті мәселе болып табылады.
Кітап зерттеушілерге, студенттер мен магистранттарға, бүкіл оқушы қауымға арналған.