Среда, 17.04.2024, 01:13
ГУ "ЦИБС ФЕДОРОВСКОГО РАЙОНА"
Главная | Регистрация | Вход Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 23
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2018 » Январь » 17 » Сүйікті кітапханамыздың мерейтойы
12:07
Сүйікті кітапханамыздың мерейтойы

Сүйікті кітапханамыздың мерейтойы

  Әр кітапхананың өзінің жеке өмірбаяны, тарихы, мақсаты болады. Федоров ауданының басты кітапханасы 2017 жылы 100 жасқа толды! Мерейтой - өткенге көз жүгіртіп, қорытынды шығарып, өз тарихыңды еске түсіретін уақыт. Әр кітапхананың өз тарихы бар және әр кезеңде кітапханашылар оның шежіресіне жаңа беттер қосуда. Біздің кітапханамыздың пайда болу тарихы сонау 1917 жылдан бастау алады. 100 жылда тарихтың айтулы оқиғаларын бастан кешірді: мемлекет өзгерді, дәуір өзгерді, оқырмандар мен кітапханашылар легі өзгерді, кітаптар мазмұны бірнеше рет өзгерді - ал орталық аудандық кітапхана осы жылдар бойы кітапты жақсы көретін, қарым-қатынастарды бағалайтын, шығармашыл адамдарды өзіне тартты және тартуын жалғастыруда. Кітапхана өзінің жұмыс істеу бағытында бос уақытын тиімді пайдалану үшін, ақпараттарды, білімді, мәдени дамуының өсуіне және адамдардың қарым-қатынас жасауына мүмкіндіктер береді. 12 қаңтарда аудандық Мәдениет үйінде, содан кейін кітапханада Федоров ауданының орталық кітапханасының 100 жылдығына арналған «Заманауи қоғам мен кітапхана мақсаты өлкетану мәдениетінің орталығы» тақырыбында форум өткізілді. Мерейтойға көптеген қонақтар жиналды: ауыл тұрғындары, достары, оқырмандар мен пікірлестер келді, сонымен қатар мерекеге облыс кітапханаларының өкілдері де келді. Форум қатысушылары үшін көптеген бағдарламалар ойластырылып, әзірленді. Іс-шараның салтанатты бөлімінде «Кітапхананың мерейтойлық жолағы» бейнефильмі көрсетілді, қатысушылар ауданның негізгі кітапханасының тарихымен танысты. Кітапхананың мерейтойы - өз өмірлерін кітапханаға қызмет етуге арнаған кітапханашылар мен ардагерлерге, сондай-ақ олардан эстафетаны қабылдап алып жатқан жастарға алғыс айту мүмкіндігі деп білеміз. Көптеген жылы сөздер, құттықтаулар айтылып, музыкалық номерлер орындалды және ең үздіктер марапатталды. Қонақтармен кітапхана бойынша саяхат ұйымдастырылды. Назарларына мынадай кітаптар көрмесі ұсынылды: «Біз бұл күнді мақтан тұтамыз», «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы», «Астана - бірлік пен тәуелсіздік символы» және т.б. Іс-шара «Федоров ауданы – еңбекшілер өлкесі» жаңа кітабының тұсаукесерімен аяқталды. Алда үлкен жұмыстар мен үлкен жетістіктер бар. Кітапхана ертеңгі күнге үлкен сеніммен қарайды және 100 жыл ол үшін мүлде аз уақыт. Бұл жаңа, жемісті, шығармашылық өмірдің басы ғана. Сондықтан оған ақ жол тілейміз!

Юбилей любимой библиотеки

   Как и у человека, у каждой библиотеки есть своя биография, своя история, свое предназначение. Главной библиотеке Федоровского района в 2017 году исполнилось 100 лет! Юбилей – это время, когда нужно остановиться, оглянуться, подвести итоги, вспомнить свою историю. У каждой библиотеки своя история, и каждое поколение библиотекарей вписывает страницы в ее летопись. История рождения нашей библиотеки уходит в далёкий 1917 год. 100 лет вместили в себя знаковые события истории: менялись государства, менялись эпохи, менялись поколения читателей и библиотекарей, сменились неоднократно книжные предпочтения – а центральная районная библиотека все эти годы притягивала и продолжает притягивать любителей книги, ценителей общения, творчески увлеченных людей. Своё предназначение библиотека видит в том, чтобы предоставлять место для проведения досуга, дать возможность для получения информации, образования, повышения культурного развития и просто для общения людей. 12 января в районном Доме культуры, а затем в библиотеке состоялся форум «Современное общество и миссия библиотек как центра краеведческой культуры», посвященный 100-летнему юбилею Федоровской центральной районной библиотеки. На юбилей собралось множество гостей: жители села, друзья, читатели и единомышленники, приехали на праздник и гости — представители библиотек области.Для участников форума продумана и подготовлена разноплановая программа. В торжественной части мероприятия демонстрировался видеофильм «Юбилейная лента библиотеки», участники познакомились с историей главной библиотеки района. Юбилей библиотеки – это возможность сказать спасибо библиотекарям и ветеранам, посвятившим свою жизнь служению библиотеке, а также молодым, принявшим у них эстафету. Много добрых слов, поздравлений прозвучало в их адрес, исполнены музыкальные номера и награждение лучших. Для гостей организована экскурсия по библиотеке. Предложены вниманию книжные выставки: «Этой датой мы вправе гордиться», «Переход на латиницу- веление времени», «Астана-символ единства и независимости» и т.д. Завершилось мероприятие презентацией новой книги «Федоровский район - край трудолюбивых людей». Впереди большие дела и большие достижения. Библиотека с уверенностью встречает завтрашний день, и для неё 100 лет – совсем не возраст. Это только начало новой, плодотворной, творчески насыщенной жизни. Так пожелаем ей доброго пути! 

Просмотров: 359 | Добавил: bad_angel_777 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вход на сайт
Внимание!!!
Календарь
«  Январь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Поиск
ГУ "ЦИБС Федоровского района" 2024г
Бесплатный конструктор сайтов - uCoz